Шығыстану факультеті оқытушылары Иран Ислам Республикасы Бас консулдығы ұйымдастырған шараға қатысты

"Тұрақты даму мақсаттары" (ЦУР) жобасының тұрақты даму үшін серіктестік тармағы аясында Халықаралық ынтымақтастық және интернационалдандыру департаментінің директоры С.Т. Джакубаева, Таяу Шығыс және Оңүстік Азия кафедрасының меңгерушісі Д.М. Көкеева, шығыстану факультеті деканының оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Ү.Ә. Әмірбекова және ирантану бөлімінің оқытушылары 9 ақпанда Қазақстан Республикасындағы Иран Ислам Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығы Иран Ислам Республикасының Ұлттық күні және Ислам Революциясының 45 жылдығына орай ұйымдастырған іс-шараға қатысты. Шығыстану факультеті мен Иранның Алматы қаласындағы Бас Консулдығы арасында тығыз әріптестік қарым-қатынастар орнаған. Салтанатты шарада Бас консул М. Фағани мырза сөз сөйлеп, Иран мемлекетінің тарихы, жеткен жетістіктері туралы сөз сөйледі. Қазақстан үкіметі тарапынан Қазақстан Республикасы Сыртқы Істер Министрлігі Алматы қаласындағы өкілдігінің басшысы Б.Е. Бөлегенов құттықтау сөз сөйлеп, екі ел арасындағы ынтымақтастық, мәдени-экономикалық байланыстар туралы айтты. Кеште Иранның туристік әлеуеті мен экономикалық мүмкіндіктері туралы қысқаша фильм көрсетілді, Ираннан арнайы шақырылған өнерпаздар өнер көрсетті, сондай-ақ қонақтар Иранцы қолөнер бұйымдары мен Қазақстанға экспортталатын тауарларының шағын көрмесін тамашалауға мүмкіндік алды.

 

Басылым күні :  13.02.2024