Көңілге сенім ұялатар сұхбат

Еліміздің президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы «Egemen Qazaqstan» газеті редакторы Дихан Қамзабекұлына берген сұхбатында «2024 жылы елімізде бірқатар ауқымды саммит, форумдар өтеді. Қазақстан бірнеше беделді халықаралық ұйымға, атап айтсақ, Шанхай ынтымақтастық ұйымына, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске, Түркі мемлекеттері ұйымына, Аралды құтқару халықаралық қорына, Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымына төрағалық етеді. Дүниежүзілік көшпенділер ойынын өткізу де еліміз үшін айтулы оқиға болмақ. Байрақты бәсеке ұлттық спорт пен саламатты өмір салтын дәріп­теу жағынан да, Ұлы даладағы көшпенділер өркениетінің мұрагері саналатын бауырлас халықтардың мәдени-гуманитарлық байланысын арттыру тұрғысынан да маңызды екені сөзсіз» деп атап көрсетіп, бірнеше мәселелерге тоқталды. Елімізде қаңтар оқиғасынан кейін түбегейлі саяси реформаларды жүзеге асырыла басталғандығы, бұрынғы жүйенің  келмеске кеткендігі, Қазақстандағы саяси реформалар жүйелі ғана емес, ешқашан кері қайтпайтын түбегейлі сипатқа ие екендігін, еліміз үшін айрықша маңызын баса айтып көрсетті. Сонымен қатар  жалпы, халықтың қарызға батуы мәселесі туралы сұраққа, осы мәселені шешу үшін не істеліп жатқан істерге тоқталды. Бұл жағдайға басты себеп бір жағынан жұрттың қаржылық сауаттылығының төмендігі себеп болып отырғандығы, екінші жағынан, тұтыну несиесін беру тәртібін және коллектор ұйымдарының қызметін қатаң реттеу керектігі және сол үшін  нақты шаралар қолға алынып жатқандығы айтылды. Бұл сұхбат аясында АЭС құрылысына үзілді-кесілді қарсылық білдіріп жатқандар туралы мәселе сөз етілді.  Президентіміз бұл бастаманың мән-маңызын ескере отырып, АЭС құрылысына қатысты мәселені жалпыхалықтық референдумға шығаруды ұсынғандығын, АЭС салына ма, салынбай ма – мұны халықтың  шешетіндігін қадап айтты. Сұхбат барысында былтыр елімізде сыртқы саясат саласында ауқымды жұмыстар  атқарылғандығы да сөз етілді. Алдағы уақытта сыртқы саясатымызда айтулы оқиғалар жайы да назардан тыс қалмады. Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Қазақстан тиімді әрі салиқалы сыртқы саясат жүргізу арқылы өзінің ұлттық мүддесін қорғап, стратегиялық міндеттерін орындап келеді. Біздің өзгермейтін мақсат-мұратымыз бар.  Бұл – еліміздің егемендігі мен аумақтық тұтастығын сақтау, Қазақстан азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау, экономикамыздың орнықты дамуына барынша қолайлы жағдай жасау», - деп атап көрсетті.      Сондықтан ұлтымыз өсіп-өркендесін десек, біз жақсыдан үйреніп, жаманнан жирене білуіміз қажет екендігі, қоғамда еңбекқорлық пен жасампаздық жоғары бағалануға, білімпаздық пен жаңашылдық салтанат құруға тиіс екендігі,  Өмірге деген байсалды және байыпты көзқарас басым болғанғы жөн екендігі басты назарда болу қажеттілігі айтылды.   

Еліміздің президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының: «...ұлтымыз өсіп-өркендесін десек, біз жақсыдан үйреніп, жаманнан жирене білуіміз керек. Қоғамда еңбекқорлық пен жасампаздық жоғары бағалануға, білімпаздық пен жаңашылдық салтанат құруға тиіс. Біз озық ойлы ұлт ретінде халқымызды ыдырататын емес, біріктіретін жолды таңдап, тек қана алға қарауымыз керек. Жалпыұлттық құндылықтар бәрінен жоғары тұруға тиіс. Бұл туралы үнемі айтып жүрмін. Тағы да қайталаймын, еңбекқорлық, білімпаздық, кәсібилік, бірлік, ынтымақ, жанашырлық, іскерлік, бастам­шылдық, адалдық, қарапайымдылық және үнемшілдік – нағыз отаншыл, адал азаматқа тән қасиеттер мен құндылықтар. Халқымыздың қуатын арттырып, табысқа жетелейтін осындай қасиеттер мен құндылықтарды жан-жақты дәріптеп, ұрпақ санасына сіңіру арқылы ғана сапалы ұлтқа айнала аламыз», - деген сөзіне ұстаз ретінде қосыла отырып, жас ұрпақты тәрбиелеуде осы айтқан қасиеттерді өз студенттеріміздің бойына сіңіру деп білемін.

 

Жумажанова Фарида Токановна - Ғылыми инновациялық қызмет және халықаралық байланыстар жөніндегі кафедра меңгерушісінің орынбасары, ф.ғ.к

Басылым күні :  03.01.2024