«Таза су – денсаулық кепілі» тақырыбында дөңгелек үстел

2023 жылдың 20 қарашасында Шығыстану факультеті Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының эдвайзері А.Е. Жумадилова, Ф.Т. Жұмажанова «Тұрақты даму мақсаттары» (ТДМ) жобасының «Таза су және санитария» тармағы аясында «Шығыстану» және «Дінтану»мамандықтарының 2 курстарына «Таза су – денсаулық кепілі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелде әлемдік және жергілікті деңгейде су қоры мәселелері талқыланып, ауыз суға кәріз құбырлары және булану арқылы түсетін зиянды химиялық ластаушы заттардың, антибиотиктер мен гормондардың болуы сияқты ауыз су сапасының проблемалары қарастырылды. Студенттер Kahoot бағдарламасында викториналар өткізді және аталмыш тақырыптар бойынша сөзжұмбақтар шешті. Ауыз судың сапасын жақсарту бойынша шешімдер ұсынылды.

 

 

 

Басылым күні :  21.11.2023