Халықаралық конференция қонақтары факультетте қонақта болды

26-қазанда "Тұрақты даму мақсаттары" (ЦУР) жобасының тұрақты даму үшін серіктестік тармағы аясында шығыстану факультеті Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы ирантану бөлімінде «Әл-Фараби мұрасындағы ізгі адам, қайырымды қоғам зәне заманауи этика» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына келген ирандық делегациямен кездесу өтті. Кездесуде ирандық атақты философ ғалым Авани Гуламреза бастаған топта сондай-ақ доктор Халадж Монфаред, доктор Голами Реза, доктор Омид Масуд, доктор Махузи Реза, сарапшы Джавад Джалали Киосари, Алматы қаласындағы Иран мәдени орталығының директоры Х.Ағазаде болды. Кездесуде шығыстану факультетінің деканы Н.Б. Ем, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты директорының орынбасары Т.Қыдыр, Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының меңгерушісі Д. Көкеева, кафедра және ирантану бөлімінің оқытушылары қатысты.

Басылым күні :  27.10.2023