«INBUSINESS.KZ» АҚПАРАТТЫҚ АГЕНТТІГІНЕ СҰХБАТ

2023 жылдың 11 қазанында «Тұрақты даму мақсаттары» жобасының «Бейбітшілік, әділеттілік және тиімді институттар» тармағы аясында, Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының аға оқытушысы, PhD докторы Тюлегенов Қайрат Мұратқалиұлы «Inbusiness.kz» ақпараттық агенттігіне сұхбат берді. Ол Таяу Шығыстағы жағдайға, атап айтқанда Палестина-Израиль мәселесіне қатысты сараптамалық пікірін білдірді. Палестиналық саяси партиялардың бірі ХАМАС пен Израиль арасында бірнеше күннен бері қанды соғыс жүріп жатқаны белгілі, екі жақтан да бейбіт тұрғындар қаза тауып жатыр. Қайрат Мұратқалиұлы бұл соғыстың себептері, бұл текетірес кімге тиімді, кім ұтылады, бұл мұнай нарығына әсер ете ме, жоқ па, сондай-ақ әлемдік қоғамдастықтың назарын Ресей мен Украина мәселесінен ХАМАС пен Израиль арасындағы соғысқа аударудың ықтимал тактикасы туралы пікірін білдірді.

Басылым күні :  18.10.2023