Тұрақты даму мақсаттары негізінде атқарылатын іс-шара аясында Иран Ислам Республикасының ғылым, зерттеу және технологиялар министрі вице-министрі Вахид Хаддади мырза әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шығыстану факультетіне қонаққа келді

24 мамыр 2023 жылы ҚазҰУ шығыстану факультетіне Иран Ислам Республикасының ғылым, зерттеу және технологиялар министрі вице-министрі Вахид Хаддади мырза қонаққа келді. Мәртебелі қонақпен бірге аталмыш министрлікті халықаралық ғылыми әріптестік орталығының вице-президенті Мехди Язданпанах, халықаралық істер бойынша кеңесшісі Мохаммад Али Шабани мырза, Алматы қаласындағы Бас консулдығының вице-консулы Милад Самет Хейрандиш және Алматы қаласындағы Иран Ислам Республикасының Бас консулдығының атташесі Хоссейн Ағазаде шығыстану факультетінің Ирантану бөлімінің тыныс-тіршілігімен танысуға келді.

Иран Ислам Республикасының ғылым, зерттеу және технологиялар министрі вице-министрі Вахид Хаддади мырза шығыстану факультеті Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы ирантану бөлімінің жұмысымен танысып, алдағы уақытта ирантану бөлімі жұмысының жандануы жан-жақты қолдау көрсетенінін жеткізді. Шығыстану факультеті деканы м.а. Н.Б. Ем, Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының меңгерушісі Д.М. Көкеева және ирантану бөлімінің меңгерушісі А.Ж. Боранбаева Қазақстан мен Иран арасындағы мәдени және ғылыми қарым-қатынастардың ұйытқысы болып табылатын ирантанушылар мамандарды дайындаудың маңыздылығы мен бүгінгі хал-ахуалын жан-жақты баяндады. Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы ирантану бөлімінің түлектері бүгінгі таңда екі елдің арасындағы экономикалық, саяси, әдеби және ғылыми қарым-қатынастарды орнатуға септігін тигізіп отырғаны баршағы мәлім. Демек ирантану бөлімінің жұмысын жандандыру және жаңа буын ирантанушы мамандарды дайындау өзекті мәселе. Кездесу нәтижесінде алдағы уақытта ирантанушы мамандарды дайындауға қолдау көрсету арта түсетіні, арнайы гранттар бөлініп студенттер мен оқытушылар үшін тілдік курстар мен турлар ұйымдастырылатыны сөз болды.

 

Басылым күні :  25.05.2023