ҮНДІСТАН ЕЛШІЛІГІ ЖАНЫНДАҒЫ СВАМИ ВИВЕКАНАНДА МӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ САНДЖАЙ ВЕДИ МЫРЗАМЕН КЕЗДЕСТІ

2023 жылдың 03 мамырында Таяу шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы, үндітану бөлімінің оқытушылары мен студенттері «Тұрақты даму мақсаттары» негізінде жүзеге асырылатын мәдени іс-шаралардың «Мақсатқа жету жолындағы серіктестіктер» айдары аясында Үндістан Елшілігі жанындағы Свами Вивекананда мәдени орталығының директоры Санджай Веди мырзамен кездесті. Кездесу шарасының мақсаты – хинди тілін оқып жатқан студенттерді қолдау мақсатында Үндістанның Мәдени байланыстар кеңесі (ICCR) 2023 жылғы 20-29 мамыр аралығындағы «Хинди тілінің халықаралық студенттеріне арналған ICCR бағдарламасына» қатыстыру. Онлайн кездесу шарасының нәтижесінде Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының 3 білімгері Үндістан үкіметінің демеушілігімен Үндістанға бару мүмкіндігі қарастырылып, «7М02217 – Шығыстану және 7М03115 –Аймақтану» білім беру бағдарламаларының 1 курс магистранттары Урумова Тоғжан, Абилмажинова Заринаға және «6B02301 – Шетел филологиясы: шығыс тілдері» білім беру бағдарламасының 4 курс студенті Дюсенова Арайға екі ел арасында дамып келе жатқан мәдени серіктестікті көрсету жолында бірнеше тапсырмалар берілді. Мақсатқа жету жолында шетелдік серіктестеріміздің ықпалы мен қолдауы әрқашанда болашақ маман үшін керек.

Басылым күні :  04.05.2023