Жазғы мектеп

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің шығыстану факультеті Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының оқытушы-профессорларының ұйымдастыруымен «Қазақстан және Үндістан: мәдени-тарихи байланыстар" атты жазғы мектеп өз жұмысын бастады. Үндістанның Райгандж университетінің, Вишва Бхарати университетінің, Калькутта университетінің және Маулана Азад университетінің 30-ға жуық студенті 10 күндік жазғы мектеп курсына белсене қатысып отыр. Үндістандық студенттерге Қазақстанның географиялық, саяси, экономикалық ахуалы, Үндістан мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық туралы дәрістер дайындалды. Шетелдік студенттер тарабынан Қазақстан табиғаты, қалалары, тарихы мен әдебиетіне деген қызығушылық пайда болып, қазақ тілін үйренуге деген ұсыныстары да түсті.

Басылым күні :  04.05.2023