Шығыстану факультетінің Махатма Ганди атындағы Орталығында «Yoga – a way of life» (Йога – өмір салты) тақырыбында дәріс өтті

 

Тұрақты даму мақсаттары (ЦУР)» (Салауатты өмір салты және әл-ауқат) жобасының негізінде 2023 жылдың 7 ақпанында Шығыстану факультетінің Махатма Ганди атындағы Орталығында Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының Үндітану бөлімі мен Алматы – Қазақстан Үнді классикалық би және йога орталығымен бірлесе отырып ұйымдастырған профессор Чандра Малликтің «Yoga – a way of life» (Йога – өмір салты) тақырыбындағы дәрісі өтті. Чандра Маллик Калифорниядағы (АҚШ) Нирога институтының негізін қалаушылардың бірі, Мумбай қаласындағы (Үндістан) Йога институтында терапиялық йога және йога психологиясы курстары бойынша біліктілігін арттырып, Нью-Делиде натуропатия бойынша білім алған. Чандра Маллик терапия, тамақтану, психология және философия салаларында 35 жылдан астам педагогикалық тәжірибесі бар білікті маман. Чандра Маллик ханымның дәрісі барысында шығыстану факультетінің студенттері мен оқытушылары йога бойынша көптеген жаңа ақпарат алып, өздерінің оң әсерімен бөлісті.

Басылым күні :  10.02.2023