Аударма және халықаралық түсіністік үшін шейх Хамад сыйлығы

Аударма және халықаралық түсіністік үшін Шейх Хамад сыйлығы әлемдегі ең беделді әдеби марапаттардың бірі болып табылады және араб-қазақ аударма тілдері жұбы 2022 жылғы байқауға қосылды. Осы арада «Араб тілінен қазақ тіліне үздік аударма» номинациясы бойынша әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультетінің Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының доценті, PhD Ықтияр Палтөре жүлдеге ие болды. Аударма және халықаралық түсіністік үшін Шейх Хамад сыйлығы комиссиясының қарауына Ы. Палтөре араб тілінен қазақ тіліне аударған оннан астам кітап ұсынылды, соның ішінде әл-Фарабидің бірнеше трактаты. Марапаттау рәсімі 2023 жылдың 29 қаңтарында Катардың астанасы Дохада өтті.

Басылым күні :  30.01.2023