Шығыстану факультетінің оқытушылары Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушыларымен кездесу ұйымдастырды.

27 қаңтар 2023 жылы Шығыстану факультетінің Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы мен Қытайтану кафедрасының оқытушылары PhD докторлар Дәуен Динара мен Бокулева Бота Алматы қаласындағы Химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушыларымен кездесу ұйымдастырды. Кездесу барысында шығыстану ғылымының қалыптасу тарихы, даму эволюциясы мен қазіргі ахуалы, шығыс тілдерінің өзге тілдерге ықпалы сияқты мәселелер жөнінде оқушыларға дәріс оқылды. Оқушылар тарабынан ежелгі және қазіргі Шығыс елдерінің тарихы, экономикасына байланысты көптеген қызықты сұрақтар қойылды. Қызықты сұрақтар қойып, белсенділік танытқан шығыс тілдерін оқып жүрген оқушыларға корей, қытай, хинди тілдерінің тілдескіштері сыйға тартылды. Қос оқытушы өздерінің монографиялары мен оқу құралдарын мектеп кітапханасына тарту етті.

Мектеп директоры Г.Б. Мункеева «Қоғамға қызмет» жобасы аясында жас ұрпақтың рухани және зияткерлік дамуына үлес қосықандары үшін факультет оқытушыларына алғыс хат ұсынды.


Басылым күні :  30.01.2023