Шығыстану факультетінде «Coursera for Campus» мүмкіндігі талқыланды

Тұрақты даму мақсаттары (ЦУР)» (Бейбітшілік, әділет және мекемелер) жобасының негізінде ҚР Ғылым және жоғары білім министрі С.Нұрбектің жуырдағы Coursera басшысымен кездесуі барысында қазақстандықтар үшін әлемдік курстарға қол жеткізу мүмкіндігінің кеңейгені мәлім. Аталған мәселе әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ұжымында кеңінен талқыланды. Университет проректоры Ф.Н.Жақыпова факультет декандарына, кафедра меңгерушілеріне және оқытушы-профессорлар құрамына әлемдік деңгейдегі жаппай онлайн курстарды оқу процесіне пайдаланудың жаңа мүмкіндіктерін тек жекелеген пәндерге ғана емес, тұтастай оқу бағдарламаларына енгізу мүмкіндіктерін қарастыруды өзектендіріп, нақты тапсырмалар берді. Тапсырманың аясында бүгін 2023 ж. 20 қаңтарында шығыстану факультетінде  оқытушыларға арналған «Coursera» платформасындағы МООК: оқу үдерісіне енгізу тәжірибесінен» тақырыбындағы семинар ұйымдастырылды.Семинарда Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының профессоры Б.Н.Жұбатова Coursera-дағы он-лайн курстарды  білім беру процесінде тиімді пайдалану жолдарын түсіндіріп, өзінің бірнеше жылғы тәжірибесімен бөлісті. Семинарда  Coursera платформасындағы Coursera for Campus бағыты, оның мүмкіндіктері түсіндіріліп, қажетті МООК-ты іздеп табу, таңдау, олардың контенті мен оқыту нәтижелері арасындағы үйлесімді анықтау, он-лайн курстардың оқыту үдерісінде берер  тиімділігі, тегін сертификатқа қол жеткізу, студенттер мен оқытушылардың дайындығы т.с.с. мәселелер түсіндірілді. Семинарға қатысқан оқу бағдарламаларының .йлестірушілері мен оқытушы-профессорлар Coursera for Campus платформасына тіркелу жолы, МООК-ты оқу процесіне, оқу бағдарламаларына енгізудің модельдері, сертификат алу мүмкіндіктері туралы сұрақтар қойып, қызу пікірталас ашты. Нәтижесінде көтерілген мәселенің практикалық жағына арналған арнайы workshop өткізу туралы шешім қабылданды.

Басылым күні :  21.01.2023