Фирдаусидың Шахнамасы және Қазақ әдебиеті атты дөңгелек үстел өтті

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті шығыстану факультеті Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы 2022 жыл 16 мамыр күні «Фирдаусидың Шахнамасы және Қазақ әдебиеті» атты дөңгелек үстел өткізді. Иранда парсының әйгілі ақыны Әбілқасым Фирдаусидың туған күнін дәстүрлі түрде жыл сайын 15-мамыр күні кең түрде атап өтеді. Аталмыш дөңгелек үстел де осы «Фирдуси күніне» орай ұйымдастырылды. Дөңгелек үстел барысында Әбілқасым Фирдаусидің Шахнама шығармасының қазақ әдебиетіне әсері, қазақ тіліне аударылуы және т.б. тақырыптар төңірегінде белгілі ирантанушылар сөз сөйлеп, пікір алмасты.

 

 

 Дөңгелек үстелге танымал отандық шығыстанушы ғалымдар, оқытушылар және студенттер қатысып, тың зерттеулерімен бөлісті. Студенттер Фирдаусидың Шахнамасының үзінділер оқып жырдан шашу шашты. Фирдаусидың Шахнамасы және Қазақ әдебиеті атты дөңгелек үстелге Қазақстан Республикасындағы Иран Ислам Республикасы Алматы қаласындағы Бас Консулы Мухсин Фағани мырза мен Қазақстан Республикасындағы Иран Ислам Республикасы Елшілігінің мәдени істер бойынша кеңесшісі Әли Акбар Талеби Мәтин мырза қатысып, Фирдаусидың парсы әдебиеті мен әлем әдебиетінен алатын орны туралы жан-жақты баяндап берді. Аталмыш әдеби әрі мәдени шара аясында Қазақстан Республикасындағы Иран Ислам Республикасы Алматы қаласындағы Бас Консулы Мухсин Фағани мырза Ирантану орталығына бірқатар ғылыми әдебиеттер сыйға тартты. Бұл кітаптар Ресейдегі Ибн Сина қоры шығаратын танымал шығыстанушылардың еңбектерінен тұрады.

 

 

Басылым күні :  17.05.2022