Фирдоуси күніне арналған "Шахнаме Фирдоуси және Қазақ әдебиеті"атты дөңгелек үстел

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті шығыстану факультеті 16 мамыр 2022 жыл сағат 14.00 «Фирдаусидың Шахнамасы және Қазақ әдебиеті» атты дөңгелек үстел өткізеді.

Бұл дөңгелек үстел жыл сайын 15-мамыр күні атап өтілетін «Фирдауси күніне» орай ұйымдастырылды. Сонымен қатар дөңгелек үстел аясында Қазақстан Республикасындағы Иран Ислам Республикасының Бас Консулы Мухсин Фағани мырзаның Ирантану орталығына кітап сыйға тарту рәсімі өтеді. Сыйлыққа берілетін кітаптардың бір бөлігі парсы тілінде, біразы орыс тілінде. Парсы тіліндегі кітаптар тіл, әдебиет, тарих, өнер, философия және т.б. салаларды қамтиды. Орыс тіліндегі кітаптар Ресейдегі Ибн Сина қоры шығаратын танымал шығыстанушылардың еңбектерінен тұрады. Бұл кітаптардың негізгі бөлігі ЖОО студенттеріне арналған оқулықтар, оқулыққа қосымша әдебиеттер және түрлі ғылыми еңбектерді құрайды

Дөңгелек үстел барысында Әбілқасым Фирдаусидің Шахнама шығармасының қазақ әдебиетіне әсері, қазақ тіліне аударылуы және т.б. тақырыптар төңірегінде белгілі ирантанушылар сөз сөйлеп, пікір алмасады. Дөңгелек үстелге шығыстанушы ғалымдар, оқытушылар және студенттер қатысады деп күтіледі.

 

 

Ұйымдастырушы:  Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы

Басылым күні :  12.05.2022