Ғылыми гранттық бағдарламаларға өтінімді қалай жазуға болады және индекстелген журналдардың оң және теріс жақтары» атты ғылыми семинар өтті

 

Әль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті шығыстану факультеті Таяу Шығыс және оңтүстік Азия кафедрасы 1-15 сәуір 2022 аралығында «Ғылыми гранттық бағдарламаларға өтінімді қалай жазуға болады және индекстелген журналдардың оң және теріс жақтары» атты сертификатталған онлайн-офлайн курсын өткізді. Семинарда Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының белгілі ғалымдары ф.ғ.д., профессор Г.Е.Надирова - Тарихи зерттеулерді сыни тұрғыдан қайта қарау; Индекстелген журналдардың оң және теріс жақтары, т.ғ.д., профессор Л.Г.Ерекешева - Зерттеу грантына өтінімді қалай жазуға болады; Ғылыми еңбектердегі сапалы зерттеу әдістері және ф.ғ.д., профессор Б.Н. Жұбатова - Гуманитарлық ғылымдардағы цифрлық технологиялар атты тақырыптарда семинар өткізіп, өз тәжірибелерімен бөлісті. Ғылыми семинар барысында көтерілген мәселелер қатысушылардың үлкен қызығушылығын тудырды. Семинар тақырыбы төңірегінде көптеген сұрақтар қойылып алдағы уақытта осы тақырыпта тағы да семинар өткізу туралы ұсыныстар жасалды. Семинарға оқытушылар, жас ғалымдар және студенттер қатысты.

 

Басылым күні :  18.04.2022