ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖОО ОҚЫТУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН ПАРСЫ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ БОЙЫНША БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ОНЛАЙН КУРСЫ ӨТКІЗІЛДІ

Әл-Фараби  атындағы ҚазҰУ-дың шығыстану факультеті Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия  кафедрасы Қазақстандағы жоғары оқу орындарының оқытушыларына арналған парсы тілі мен әдебиеті бойынша біліктілікті арттыру онлайн курсын өткізді. Онлайн курсты Иран Ислам Республикасы Алламе Табатабаи университетінің профессоры, PhD Оуранг Изади өткізді. Біліктілікті арттыру курсы барысында қатысушылар классикалық парсы әдебиетінің сан ғасырлардан бері құндылығы жойылмаған батыстың да шығыстың да ғалымдарын тамсандырған парсы әдебиетінің баға жетпес шығармаларын жаңа қырынан танып, мәліметтерін арттырды. Сонымен қатар, парсы тілі мен әдебиетін зерттеудің және оқытудың жаңа әдістерімен, әсіресе пәнаралық әдістермен жан-жақты танысты. Парсы тілі мен әдебиеті бойынша біліктілікті арттыру курсы 17.04.2021 – 10.06. 2021 жыл аралығында өтті. Курсы соңында қатысушыларға біліктілігін арттырғаны туралы арнайы сертификаттар берілді.

Басылым күні :  21.11.2021