Олимпиада

      2016 жылдың 29-30 наурыз күндері «5В020900-Шығыстану» мамандығы бойынша Республикалық пәндік олимпиада өтті. Олимпиада аясында қытай тілі бойынша әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Л.Н.Гумилов атындағы ЕҰУ және Абылайхан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ-ден келген 25 студент өзара сайысты. Сайыстың бірінші кезеңінде тест және эссе жазу жарысы өткізілді. Осыны қорытындылай келе жарыстың екінші кезеңіне 10 үміткер жол тартты. Бұл жерде студенттер өздері дайындаған жобаларын қытай тілінде баяндап және әділқазылардың сұрақтарына жауап берулері тиіс еді. Өте тартысты өткен жарыс қорытындысы былай өрнектелді:

1-орын-Бейбіт Айдар, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 4 курс студенті;

2-орын-Саханов Абай, Л.Н.Гумилов атындағы ЕҰУ 4 курс студенті

2-орын-Мурзагельдина Лаура, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 2 курс студенті;

3-орын-Қабесова Мөлдір, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 3 курс студенті;

3-орын-Рамазанова Айнұр, Абылайхан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ 4 курс студенті;

3 орын-Курпасова Жұлдыз, Л.Н.Гумилов атындағы ЕҰУ 4 курс студенті.

  Олимпиаданы қортындылау кешінде жеңімпаздар ҚР Білім және ғылым министрлігінің дипломдарымен марапатталды. Жарысқа демеушілік көрсеткен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Конфуций институты бағалы сыйлықтар тапсырды. Бұдан тыс, Алматы қаласындағы ҚХР Бас консулдығы үш жеңімпазға Қытайда білім алу грантын бөлді. Олар Қытайдың өздері таңдаған жоғарғы оқу орнында білім алу мүмкіндігіне ие болды.

Басылым күні :  03.04.2016