Қауіптерді картаға түсіру бойынша техникалық тренинг

2020 жылғы 24-25 ақпанда Алматы қаласында жылдам туындайтын су тасқынының қауіп-қатерлерін картаға түсіру бойынша тренинг өткізілді. Орталық Азияда мұндай су тасқыны қардың қарқынды еруіне байланысты болуы мүмкін. Сонымен қатар, мореналық-мұзды көлдердің (GLOF) ақтарылуымен байланысты су тасқыны таулы және тау бөктеріндегі аймақтарда тұратын адамдарға да қауіп төндіреді.

#GFDRR қолдауымен тренинг Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстаннан келген қатысушылар үшін екінші рет ұйымдастырылды, сондай-ақ метеорология және гидрология кафедрасының оқытушылары жоғары сапалы және кешенді қауіптер карталарын әзірлеу әдістерін зерттеуге шақырылды.

Екі күндік семинарда шақырылған дәріскерлер доктор Аброр Гафуров (Германия) және доктор Маркус Зиммерманн (Швейцария) ГАЖ технологияларын қолдана отырып, қауіп пен қатерді бағалауды модельдеудің түрлі тәсілдеріне жалпы шолу жасады.

#kaznu.kz

#department of meteorology and hydrology

Басылым күні :  17.01.2021