Ғылыми зертханалар

Метеорология және гидрология кафедрасы оқу лабораториялары мен кабинеттер алып жатқан жалпы ауданы 341 м2.

Метеорология және гидрология кафедрасында оқу-лабораториялық метеорологиялық орталық (жалпы ауданы 185 м2) жұмыс атқарады, оның құрамына:

- оқу метеорологиялық станциясы (спорт кешені ғимаратында, 43 м2);

- ауа райы оқу бюросы (103 бөлме, 33 м2).

- шұғыл метеорологиялық мәліметтерді қабылдау мен архивтеу (117 бөлме, 16 м2);

- метеорология және метеорологиялық өлшеу әдістері кабинеті (114 бөлме, 60 м2);

- радиометеорология және аэрология кабинеті (110 кабинет, 33 м2);

- гидравликалық құрылғылар лабораториясы (113 кабинет, 18 м2);

- гидрометрия кабинеті – (кабинет 111, 36 м2);

- гидрологиялық болжамдар оқу бюросы, әдебиеттер фонды мен гидрометеорологиялық мәліметтер архиві (7 ботаника кабинеті, 30 м2).

Студенттер, магистранттар мен оқытушылар факультеттік компьютер бөлмелерін қолданады. Барлық аудиториялар қажетті құрылғылармен және электронды машиналармен қамтылған.