«Климаттың өзгеруіндегі жаһандық және аймақтық тенденциялар» тақырыбындағы онлайн вебинар

2020 жылдың 28 қазанында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ метеорология және гидрология кафедрасының оқытушылары және «Қазгидромет» РМК Алматы қаласы бойынша филиалының қызметкерлері бірлесіп Халықаралық климаттық технологиялар мен инвестициялық жобалар орталығының ұйымдастырумен өткен (IGTIO) «Климаттың өзгеруіндегі жаһандық және аймақтық тенденциялар» тақырыбындағы  онлайн вебинарды тыңдады.

Бұл вебинар жалпы климаттың өзгеру проблемаларына, сондай-ақ климаттың өзгеруінің ғылыми фактілері мен болжамдарына және оларға антропогендік факторлардың қалай әсер етуде жайлы тың мағлұматтар айтылды.

Вебинар спикерлері:

Светлана Долгих «Қазгидромет» РМК, Климатты зерттеу бөлімінің бастығы, доклад тақырыбы «Қазақстандағы климаттың өзгеру салдары»

Александр Чернокульский, ф.м.ғ.к., А.М. Обухов атындағы Атмосфера физикасы институтының климат теориясы лабораториясының аға ғылыми қызметкері, РАН мүшесі, доклад тақырыбы - «Жаһандық климаттың өзгеруі».

#IGTIO

#RSE KazHydroMet

#kaznu.kz

#department of meteorology and hydrology 

Басылым күні :  10.11.2020