«Тілге құрмет – елге құрмет» атты кураторлық сағат

Тіл – қандай ұлтта, елде болмасын әрқашан қастерлі де құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл – әрбір елдің жаны. Біздің ана тіліміз де – атадан-балаға мирас боп жеткен асыл қазына.

Тәуелсіз еліміз үшін тіл мерекесінің маңызы өте жоғары және осы орайда әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті география және табиғатты пайдалану факультеті метеорология және гидрология кафедрасының ұйымдастыруымен онлайн форматта 2021 жылдың 11 қыркүйек күні «Тілге құрмет – елге құрмет» атты кураторлық сағат өткізілді. Іс-шарада бірінші курс пен екінші курс белсене қатысып, қызықты мағлұматтар мен викториналар ойнатылды. Сондай-ақ жас ақындардың көркем сөзбен көмкерілген отты жырлары оқылып, тіл тағдыры жайлы қоғамдағы мәселелер талқыға түсті.

«Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте», – деп Қадыр Мырзалиев ақын айтқандай, қазіргі қоғам басқа тілді үйренуге еш шек қоймайды, дегенмен, қазақ тілін мемлекеттік тіл дәрежесіне көтеруге әр қазақтың үлесі болса екен дейміз.

#kaznu.kz

#department of meteorology and hydrology

Басылым күні :  19.11.2021