Дискуссиялық алаңшық

ҚазҰУ пікірталас алаңы – бұл маңызды мәселелерді талқылайтын блоггер-платформа

Талқылау платформасына кіру үшін http://blogger.kaznu.kz/ сілтемесін басыңыз.

Құрметті біздің сайтымыздың қонақтары. Біз сайтымызда пікірталас алаңын ашып жатырмыз. Бұл алаңда қызықты деп танылған тақырыптар бойынша ортамыздың, әлемнің дамуына байланысты сұрақтарды кез келген қалаған жан қоя алады. Алаңның мақсаты Қазақстанның ғана емес әлемнің болашағын құрудағы көлемдi мәселелер ауқымының академиялық ортасын талқылау болып табылады. Уақыт көрсетіп келе жатқандай, жағарғы оқу орындар жаңа бастамалардың катализаторы, идеология таралу орталығы, бірқалыпты даму бойынша ақпаратты және ғылыми білім беру бағдарламаларды бастаушы болып келеді. Және алаңның тағы бір мақсаты, ҚазҰУ бiрлестiгі үшін күш-жiгердi бiрiктіріп ғылыми - жемiстi ынтымақтастықта бiлiм беру, пiкiр алмасу және әлеуметтiк-экономикалық, геосаясат, мәдени, демографиялық тағы басқа сұрақтар бойынша тәжiрибемен алмасу.

Қазақстанның экономикасының, бiлiм, мәдениет және геосаясатының бірқалыпты дамуы бойынша біздің алаңда тақырыптар құруға және сұрақтар қоюға болады.

Біздің пікірталас алаңымыз – университетіміздің белсенді қатысатын G-global пікірталас моделі.

Университетіміздің ректоры, академик Ғалымқайыр Мұтанов 2015 жылдың 1 сәуір мен 30 сәуір аралығы G-Global ай тұлғасы атанды. Осы уақыт аралығында Ғ. Мұтанов G-Global алаңында қойылған сұрақтардың бәріне жауап береді.

G-Global өркениеттiң жаhандық міндеттерін ұғыну бойынша дүниежүзiлiк қоғамдастық күштерiн топтастырып тапсырманы орындайды және әлемдiк экономиканың озық дамуы үшiн пәрмендi шешiмдердi қабылдайды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев VI Астана экономикалық форумы аясында «G-global» жобасын құруды ұсынған болатын. Бұл идея саяси және іскерлік орталарда, әлемдік қоғамдастық тарапынан бірден үлкен қолдауға ие болды.Ұлт Көшбасшысының бұл тезисі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да ұйымдастырылған "Тұрақты адамзаттық дамудың жаңа парадигмасы. G-Global – жаһандық диалог форматы" халықаралық конференциясында көрініс тапты.

Ректорға G-Global алаңында мына жерде сұрақ қоя аласыздар:

http://group-global.org/ru/content/persona-mesyaca-g-global-s-1-aprelya-po-31-maya-2015-goda-galimkair-mutanov

Астана экономикалық форум – бұл халықаралық аймақтық Астанадағы штаб-пәтермен диалог үшiн аймақтық тұғыр (Қазақстан). Ғалымқайыр Мұтанов әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры «Ғалымдардың Еуразиялық экономикалық клубы» Ассоциациясының бірінші вице-президенті. 2008 жылдан бастап Астана қаласында Форум жыл сайын өткізіледі. http://forum-astana.org/ru/ сілтемесі арқылы Астана экономикалық форумы туралы толық ақпарат ала аласыз.

Біздің университет G-Global платформасында ашық онлайн-конференциялар жүргізеді. Конференция ҚазҰУ факультеттерімен жүргізіледі.

Талқыланатын сұрақтар көлемдi және маңызды тақырыптарға байланысты - «Жасыл экономикадан» бастап «Терроризмге қарсы халықаралық құқықтық аспект» тақырыбына дейін.

G-global платформасында болған онлайн-конференциялардың бейне жазбаларын мына сілтеме арқылы көре аласыздар: http://group-global.org/ru/conferences