«Тәуелсіздік күні – ҚР демократиясының негізі» атты ашық кураторлық сағат.

14 желтоқсан 2020 жыл

«Тәуелсіздік күні – ҚР демократиясының негізі»

атты ашық кураторлық сағат

 

Қатысқандар: 8,9,10 топ студенттері,

кафедра оқытушылары

Сабақ форматы: онлайн

 

Тәрбие сағатының мақсаты: 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының неден бастау алып,оның не себепті қанды оқиғаға ұласқанын ашып көрсету. Еліміздің тәуелсіздік алғаны Желтоқсан оқиғасында күрескен құрбандарды еске түсіру. Өз отанын, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, отаншылдыққа, елжандылыққа, еліміздің рәміздерін қастерлеуге тәрбиелеу.

Тәрбие сағатына қатысқан 3 курс студенттері желтоқсандағы оқиғаларды, желтоқсан құрбандарының ерліктерін талқалап, Оларды мақтан етіп, үлгі тұтатындарын айтып, тәуелсіздігіміздің тұғырлы болуы жайлы өз ойларын ортаға салды.

Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 23 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз.

 

 

   Топ эдвайзері Кожахметова УК

Басылым күні :  17.03.2021