Латын әліпбиі-қазақ тілінің жаңа көкжиегі.

Қараша айының 27-шы жұлдызында «Геодезия және Картография» мамандығының 2 курс студенттерінде «Латын әліпбиі - қазақ тілінің жаңа көкжиегі» атты тәрбие сағаты өтілді. Бұл сағатта әр студент Латын әліпбиіне көшуінің маңыздылығы жайында өз ойларын ортаға салды.

Еліміздің ертеңі үшін ойланып, толғанып барып шешім қабылдайтын тағы бір сәт туды. Жастарымыздың бәрі латын әріпінен хабардар. Рухани дүниелеріміздің дені осы латын қаріпінде жазылған. Демек, латынның біздің ұлттық санамыздағы символдық мәні мен мазмұны мүлде жойылып кеткен жоқ. Тек оны санамызда қайта жаңғыртып, түлетуге тиіспіз. Оның үстіне латын қаріпі дүниежүзіндегі қазақ ұлтын тұтастыратын мүмкіндікке ие. Түркия мен Батыс мемлекеттеріндегі қандастарымыз осы латын қаріпін тұтынады. Қандастарымыз көп орналасқан Өзбекстан да латын қаріпін қолданысқа енгізіп алды. Қысқасы, Қазақстанның үшінші жаңғыру кезеңі басталды. Сіз бен біз осы тарихи күндердің куәсіміз әрі осы бір тарихи кезеңде өмір сүріп, ортақ игілікке үлес қосушы азаматтар болып табыламыз. Үлкен тарихтың, ұлт тарихының бір күні – осы, ардақты, ағайын!

Басылым күні :  19.04.2020