100 кітап жобасы аясында «Абайдың қара сөздері-асыл қазына» атты іс-шара.

Қазақ руханиятының қайнар көзі, ұлттық тәрбиеміздің дәрумені, қазақ әдебиетінің ұлы классигі Абай Құнанбайұлы. Дәл осы есімді дәріптеу мақсатында қазан айының 22 жұлдызы, сағат 13.00-де картография және геоинформатика кафедрасының геоинформатика мамандығының 1-курс студенттерінің ұйымдастыруымен «Абайдың қара сөздері-асыл қазына» тақырыбында іс-шара өтті. Бұл іс-шараның мақсаты Абай еңбегін насихаттау, біз сияқты ұрпақ жадына әрбір қара сөзді өз деңгейінде жете түсіне білуге әрекет жасау. Сонымен қатар, Абай әлеміне, өнері мен еңбек жолына үңілу. Дәл осындай кереметке толы іс-шара біздің жадымызда мәңгі сақталады.

Басылым күні :  19.04.2020