Картография және геоинформатика кафедрасының магистранттарымен кездесу.

8 қазан сағат 15.00 112 аудиторияда 2-курс магистранттарымен кездесу өтті. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, География және табиғатты пайдалану факультеті, Картография және геоинформатика кафедрасының «Картография-6М074100» және «Геодезия-6М071100» мамандығының 2-курс магистранттары 2 қыркүйек пен 13 қыркүйек аралығында Валенсия политехникалық университетінде Polytechnic University of Valencia (UPV), (Валенсия қ., Испания) іс-тәжірибеден өтіп келді. "Біздің мақсатымыз – шет елдің білімі және тәжірибесімен алмасу, қосымша ақпарат жинақтау болатын. Осы мақсатқа жету барысында көптеген жұмыстар атқарылды.
13 қыркүйек күні оқу-тәжірибе аяқталғаннан кейін, марапаттау рәсімі өткізілді. Оқу-тәжірибе барысында білімімізді арттырып, көптеген ақпараттар мен мәліметтер жинақтап, өзге тілдік қорымызды дамытып, мамандығымыздың мақсат-міндеттерін кең ауқымда жетілдірдік. Осындай мүмкіндікті берген өз білім ордамыз әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-не және Валенсия политехникалық университетіне алғысымызды білдіреміз".

Басылым күні :  13.10.2019