2021 жылы 6-7 сәуірде өткен "ФАРАБИ ӘЛЕМІ" студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясы «XXI ҒАСЫРДЫҢ ЖАҺАНДЫҚ СЫН-ҚАТЕРЛЕРІ: ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ДАМУ КЕЛЕШЕГІ»

2021 жылы 6-7 сәуірде өткен "ФАРАБИ ӘЛЕМІ" студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясы

«XXI ҒАСЫРДЫҢ ЖАҺАНДЫҚ СЫН-ҚАТЕРЛЕРІ: ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ДАМУ КЕЛЕШЕГІ»

 

Қазіргі эпидемиологиялық жағдайға байланысты және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ұсыныстарымен «ФАРАБИ ӘЛЕМІ - 2020» студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясын қашықтық форматта өткізу туралы шешім қабылданды.

«XXI ҒАСЫРДЫҢ ЖАҺАНДЫҚ СЫН-ҚАТЕРЛЕРІ: ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ДАМУ КЕЛЕШЕГІ» секциясының отырысына 3 комиссиямүшесі, конференция баяндамашылары, көрермендер және секция төрағасы: Ш.Б. Халикова қатысты. Комиссия мүшелері: PhD докторы Абжаппарова А.А., аға оқытушы Жампетова А.О.

Конференция аясында «ZOOM» бейнеконференциясын өткізу қызметінде 1 дөңгелек үстел (модератор: Жампетова А.О.), 1 пікірсайыс алаңы (модератор: Абжаппарова А.А.) және 1 конференция (модератор: Халикова Ш.Б.) ұйымдастырылды.

            Әр кездесу модератордың құттықтау сөзімен басталды. Одан кейін студенттердің, магистранттардың, жас ғалымдардың баяндамалары тыңдалды. Конференцияның барлық спикерлері зерттеудің жоғары ғылыми деңгейін көрсетті. Саттарова.Р.Р., Калмакпаева А.К., Ошан Б., Бейсенбаева А., Тағаева А. және т.б. баяндамалар ерекше қызығушылық пен талқыланды. Қалған мәліметтер төменде келтірілген.

Барлығы 32 баяндама айтылды. Конференцияға әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттері, магситранттары мен докторанттары қатысты. Өз өтінімдерін л. Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің, М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің, Жоғары инженерлік-технологиялық колледжінің, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің студенттері, магситранттары мен докторанттары жіберді. Шетелден Қытай мен Ауғанстанның магистранттары мен докторанттары өтінім берді.

«XXI ҒАСЫРДЫҢ ЖАҺАНДЫҚ СЫН-ҚАТЕРЛЕРІ: ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ДАМУ КЕЛЕШЕГІ» секциясының барлық сессиялары аяқталғаннан кейін барлық баяндамашылардың баяндамаларын бағалау үшін онлайн режимінде модераторлардың кездесуі өтті. Кездесу соңында конференция нәтижелері жарияланды. «ФАРАБИ ӘЛЕМІ» студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясының «XXI ҒАСЫРДЫҢ ЖАҺАНДЫҚ СЫН-ҚАТЕРЛЕРІ: ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ДАМУ КЕЛЕШЕГІ» секциясының жұмыс нәтижелері бойынша келесі қатысушылар тағайындалды: 

Диплом 1 орын

  1. Саттарова Р.Р. - «7M03108 - Конфликтология» мамандығының 2 курс магистранты, «Политические и общественные деятели в сознании выпускников школ г. Алматы». Ғылыми жетекші: доцент Саитова Н.А. 

 

Диплом 2 орын

1. Қалмакпаева А.Қ. - «7M03108-Конфликтология» мамандығының 2 курс магистранты, «Жастардың наразылық мінез-құлқына әсер ету мен шешу жолдару». Ғылыми жетекші: с.ғ.д., профессор Г. Насимова. 

2. Ошан Б., Бейсенбаева А., Тағаева А. – «5В050200- Саясаттану» мамандығының 4 курс студенттері, «Қазақстандағы протесттік потенциал және оның салдарлары». Ғылыми жетекші: с.ғ.д., профессор Г. Насимова. 

Диплом 3 орын

1. Шайкулова А. – «5В050200- Саясаттану» мамандығының 4 курс студенті, «Оценка электорального поведения населения: участие и доверие». Ғылыми жетекші: соц.ғ.к. Илеуова Г.Т. 

2. Шәмшиев П.Р. – «7M03108-Конфликтология» мамандығының 2 курс магистранты, «Барымта дәстүрлі қазақ қоғамындағы жанжалдарды шешу тәсілі ретінде». Ғылыми жетекші: с.ғ.д., профессор Мусатаев С.Ш.

3. Серик А. С., Туебаева Н.Е. - «7М03110-Саясаттану» мамандығының 2 курс магистранттары, «Формирование молодежных организаций: опыт Казахстана». Ғылыми жетекші: с.ғ.д., профессор Зайниева Л.Ю.

Конференцияның нәтижелерін бекіту конференцияның шешімі. Қатысушылар мен жетекшілерді алғыс хаттармен, грамоталармен және бағалы сыйлықтармен белгілеу.

 

Абжаппарова А.А.

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің саясаттану және саяси технологиялар кафедрасы меңгерушісінің орынбасары, PhD докторы

Басылым күні :  09.04.2021