"5В050200-Саясаттану" мамандығының 4 курс студенттерінде өндірістік тәжірибесі басталды!

 

18 қаңтардан бастап "5В050200-Саясаттану" мамандығының 4 курс студенттерінде өндірістік практика басталды! Тәжірибе 2021 жылдың "18" қаңтарынан "27" наурызына дейін 10 аптаға созылады. Студенттер "Стратегия" Әлеуметтік және саяси зерттеулер орталығында, Қазақстан гуманитарлық-саяси конъюктура орталығында және Қазақ ұлттық университетінің саяси зерттеулер ақпараттық орталығында тәжірибеден өтеді! Практика жетекшісі-саяси ғылымдарының докторы, доцент Мұсатаев Сейлбек Шаяхметұлы. 

2 күн ішінде (18 және 19 қаңтар) студенттер үшін практика базасының өкілдерімен танысу вебинарлары ұйымдастырылды, онда студенттер өздерінің негізгі функциялары мен міндеттерімен таныстырылды. 
"Стратегия" әлеуметтік және саяси зерттеулер орталығының президенті Илеува Гүлмира Тоқшылыққызы Алматы қаласында тұратын студенттерге "Стратегия"орталығына баруды ұсынды. Ол іс жүзінде оларға дипломдық жұмыстарды жазуға көмектесетін түрлі әлеуметтік зерттеулер жүргізуге үйретуді ұсынды.
Қазақстандық гуманитарлық-саяси конъюктура орталығының өкілі Нұров Мархабат студенттерге дипломдық зерттеулер жүргізуге, қажетті әдебиеттерді іздеуге және онлайн режимде жеке кеңес беруге көмектесуді ұсынды.
Тәжірибе жаңа ғана басталғанымен, "5В050200-Саясаттану" мамандығының 4 курс студенттері белсенді жұмыс істей бастады, олар өндірістік практика кезінде өткізе алатын түрлі әлеуметтік зерттеулерге қызығушылық танытты. 
Абжаппарова А. А.

 

Басылым күні :  27.01.2021