ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті Философия, саясаттану және дінтану институты мен М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты бірлесе отырып, 2020 жылғы 8 сәуірде «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ АЯСЫНДАҒЫ АБАЙДЫҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДЕБИ МҰРАСЫ» атты онлайн дөңгелек үстел отырысын өткізді.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қазақ халқының ұлы ойшылы, хакім Абайдың 175 жылдық мерейтойын жалпыреспубликалық деңгейде атап өту туралы Жарлығына сәйкес «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты бағдарламалық мақаласында айтылған өзекті ойларды жүзеге асыру мақсатында өткен Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты: «Ең алдымен Абайды ұлтымыздың мәдени капиталы ретінде насихаттауымыз керек» деген Мемлекет басшысының сөзіне сәйкес ұйымдастырылды. Абайды ұлттық болмысты сақтау мен қоғамдық сананы түлетудегі бірегей тұлға ретінде бағалау және ұлы ойшыл әрі ақылман Абай мұрасының мән-маңызын, моральдық-гуманистік ой-танымдарының өзектілін зерделеуге арналды. Сондай-ақ, Абай шығармаларының бүгінгі елдік, қоғамдық көзқарастармен үндестігін талқылай отырып, ақын, ағартушы, философ Абай ілімінің әлі күнге дейін өміршеңдігі мен баға жетпес құндылық екендігін насихаттау мен дәріптеуге арналды.

Дөңгелек үстел отырысы барысында абайтанудың өзекті мәселелері, Абайдың рухани және философиялық мұралары мен Абай тағылымындағы адамдық құндылықтар туралы маңызды мәселелер талқыланды.
Дөңгелек үстел отырысын ФСДИ директоры, саяси ғылымдарының докторы, профессор А.Қ.Бижанов кіріспе сөзбен ашып, жүргізіп отырды. Дөңгелек үстелге ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты мен М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғалымдары, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің оқытушылары, докторанттар мен магистранттар және басқа да мамандар қатысып, ойларын ортаға салды.
Осы жолғы Дөңгелек стөл қазіргі карантин жағдайына байланысты онлайн түрде өткенін естеріңізге саламыз.

Басылым күні :  15.01.2021