Зияткерлік байқаудың жеңімпаздары анықталды

 Белгілі саясаттанушы Ерлан Карин және АҚШ зерттеушісі Джейкоб Зеннің "Между ИГИЛ и Аль-Каидой: центральноазиатские боевики в сирийской войне" атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. Және тұсаукесер рәсіменен соң, Ерлан Карин мырза Саясаттану бойынша студенттер арасында өткен республикалық конкурс жеңімпаздарын марапаттады. Республика бойынша барша саясаттанушы студенттер жыл сайынғы өткізілетін жас ғалымдар арасындағы ғылыми жұмыстар байқауына қатысып, 1 ай көлемінде байқауға қатысушылар жұмыстары қаралды. Нәтижесінде зияткерлік байқаудың жеңімпаздары үшін арнайы танымал ғалымдардың: Т.Т. Мустафин, С.Е. Жусупов, М.С. Машанов және Н.Э. Масанов атындағы шәкіртақылар тағайындалды. Жеңімпаздар: Муканова Асия, Шайхығали Ерлан, Жунусова Айгерим және Л.Гумилев атындағы  ЕҰУ студенті.


Басылым күні :  24.06.2017