Республикалық байқау жарияланды

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Философия және саясаттану факультетінде Саясаттану және саяси технологиялар кафедрасының ұйымдастыруымен, белігілі саясаттанушы, саяси- қоғамдық қайраткер, ғалым және Қазақстан РТРК АҚ басқарма төрағасы Карин Ерлан Тынымбайұлымен кездесу болды. Кездесуге сонымен қатар белгілі саясаттанушылар Алияров Е.Қ., Шибутов М., Жусупова А.С. да қатысты.

Кездесудің басты тақырыбы Саясаттану бойынша студенттер арасында республикалық конкурс болды. Қазақ Ұлттық Университетінің Саясаттану және саяси технологиялар кафедрасының студенттерімен кездесу барысында Қазақстандық саясаттанушы Ерлан Карин жыл сайынғы өткізілетін жас ғалымдар арасындағы ғылыми жұмыстар байқауын жариялады. Зияткерлік байқаудың жеңімпаздары үшін арнайы танымал ғалымдардың: Т.Т. Мустафин, С.Е. Жусупов, М.С. Машанов және Н.Э. Масанов атындағы шәкіртақылар тағайындалды.
Ерлан Кариннің ұсынысы негізінде жыл сайынғы студенттердің саясаттану саласы бойынша ғылыми жұмыстардың байқауы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Саясаттану және саяси технологиялар кафедрасында 2011 жылдан бері өткізіліп келеді.
2016 жылы Қазақстандық саяси ғылым ассоциациясы байқауды Республикалық деңгейде өткізу туралы шешім қабылдады. 2017 жылғы академиялақ бәсекелестіктің шарты бойынша байқауға барлық ЖОО-ң саясаттану мамандығының студенттері қатыса алады.
Байқау, студенттерді ғылыми зерттеу қызметіне және саяси білімге ынталандыруға, тарихқа, қазақстандық саясаттанудың қызметіне, дәстүріне, өзін-өзі шығармашылық дамытуға ықпал ету, сонымен қатар дарынды жастарды анықтауға және қолдау көрсетуге бағытталған.
Сонымен қатар, кездесудің соңында Ерлан Тынымбайұлы, Е.Қ Алияровты, М. Шибутовты және Г.Ө. Насимованы ҚР ғылымын дамытуға қосқан үлесі үшін Бiлiм және ғылым министipлiгiнiң төс белгілерімен марапаттады. 
Философия және саясаттану факультеті, Саясаттану және саяси технологиялар кафедрасы аталған азаматтарды шын жүректен құттықтайды. Отбасыларына аманшылық және қазақстандық ғылымның әрі қарай дамуына үлес қосуда қанаттары талмасын деп тілек білдіреді.


Басылым күні :  24.06.2017