Белгілі саясаттанушы Ерлан Карин "Діни экстремизм мен радикализм қауіп қатерлері" тақырыбында дәріс жүргізді

Бүгін саясаттану және саяси технологиялар кафедрасында, "ПОЛИТОЛОГ" студенттік клубының қолдауымен белгілі саясаттанушы, президент жанындағы стратегиялық зерттеулер институтының директоры, кафедра доценті Ерлан Каринмен  "Діни экстремизм мен радикализм қауіп қатерлері" тақырыбында лекция өтті.

Студенттерге, оқытушыларға  және жалпы еліміздегі діни ахуалға жайында ойланып жүрген қызығушы жандарға бұл лекция өте қызықты әрі пайдалы болды. Еліміздегі соңғы қайғылы оқиғалар жайында, діни ахуалдың жай-күйі туралы өте қызықты мәлімет берілді.

Осынау тығыз жұмыс жоспарына қарамастан, уақыт тауып кафедра студенттеріне қызықты лекция өткізген Ерлан Тынымбайұлына алғысымыз шексіз.

Басылым күні :  18.11.2016