Ғылымдағы әйелдер рөл

 

Саясаттану және саяси технологиялар кафедрасы меңгерушісінің оқу-әдістемелік және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Басығариева Жұлдыз Аманкуловнаның ұйымдастыруымен 9.⁠ ⁠02. 2024 күні Әл-Фараби атындағы ҚазУҰ 90-жылдығының шеңберінде "Халықаралық ғылымдағы әйелдер күні" қарсаңында "Ғылымдағы әйелдер рөлі" атты тәрбиелік іс-шара өтті.

Жоспарланған уақыты 12.00-13.00 аралығы. Халықаралық ғылымдағы әйелдер күні – бұл ғылым және технология саласындағы әйелдердің үлесі мен жетістіктерін атап өтуге арналған ерекше мереке. Іс-шара барысында "Саясаттану" мамандығының студенттері әлемдік ғылымның дамуына үлесін қосқан әйел азаматтары туралы көптеген мәліметтер алды. Сонымен қатар, интерактивті әдістерді пайдалану арқылы аудиторияда кері байланыс орнап, студенттердің тақырыпқа деген қызығушылығы артты. 

Басылым күні :  15.03.2024