Сейсмикалық қауіпсіздік және жер сілкінісін болжау мәселелері бойынша мәжіліс

 

    Тұрақты даму мақсаттары аясында 2024 жылдың 23 ақпанында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Философия және саясаттану факультетінің «ПОЛИТОЛОГ» студенттік пікірталас клубының мәжілісі өтті.

Бұл жиын өте маңызды сейсмикалық қауіпсіздік және жер сілкінісін болжау мәселелері мен жер сілкінісі кезінде өзін-өзі ұстау ережелеріне арналды. Клуб қонақтары «Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС сейсмобиология зертханасының меңгерушісінің міндетін атқарушы Наталья Владимировна Суровцева және аймақтық сейсмикалық зертханасының ғылыми қызметкері Сайлаубаева Зауреш Аймухановна, сонымен қатар Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті қызметкері Гүлдана Нұрымбетова болды.

    Сейсмологиялық орталық мамандары өз саласындағы зерттеулер нәтижесімен, болжамдармен, төтенше жағдай департаменті өкілі жер сілкінісі кезіндегі жүріс-тұрыс ережелерімен таныстырды. Талқыға толы мәжіліске оқытушылар мен студенттер белсене қатысты.

Басылым күні :  14.03.2024