Жастар және ғылым

Университеттің ғылыми-зерттеу қызметінің маңызды бағыты студенттердің оған қатысуы болып табылады. Бұл мамандар даярлау сапасын арттыру, дарынды жастарды анықтау және ғылыми мектептер құру, магистратура мен докторантураға студенттерді іріктеуді жақсартуға септігін тигізеді.

  Бірінші курс студенттерінің ғылымға деген қызығушылығын әр түрлі курстарды оқып-үйрену жолында және әсіресе өз бетінше жұмыс жазу жағдайында қызықтыру жөн сияқты. Кейде ғалымның қалыптасуы қарапайым семинар баяндамасы, курстық жұмыс немесе диссертациядан басталатыны белгілі. 

       Мұндай құбылыстың белгісі Философия және саясаттану факультеті Саясаттану және саяси технологиялар кафедрасының «Саясаттану» мамандығы бойынша бірінші курс бакалаврында көрінді. Әлібек Мұхтар 2023 жылдың қараша айында Ресейдің «Ғылым және білім» халықаралық ғылыми ынтымақтастық орталығы өткізетін «Ломоносов» жас ғалымдардың V халықаралық байқауына қатысты. Оның «XVIII ғасырдағы Франциядағы саяси ілімдер» атты ғылыми жұмысы «Саяси ғылымдар» секциясында I дәрежелі дипломмен марапатталды және осы байқаудың мақалалар жинағында жарияланды. Арина Сорокина 2024 жылдың қаңтарында аталған орталық ұйымдастырған «Ойшылдардың еңбектеріндегі саяси көшбасшы» ғылыми жұмысымен «Студенттік ғылыми форум 2024» Х Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысты. Жұмыс конференцияның мақалалар жинағында жарияланды, ал оның авторы «Саяси ғылымдар» секциясында I дәрежелі дипломмен марапатталды.

  Студенттер ғылыми-зерттеу жұмыстарын жалғастыруға ниет білдірді.

Л.Ю.Зайниева, ғылыми жетекшісі, саясаттану және саяси технологиялар кафедрасының профессоры, Саяси ғылымдар докторы.

 

 

 

Басылым күні :  12.02.2024