Философия және саясаттану факультетінің «Академиялық ұтқырлық» бағдарламасының жеңімпаздары

 

Философия және саясаттану факультетінің «Академиялық ұтқырлық» бағдарламасының жеңімпаздары шетелге оқуға жол тартты!
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, философия және саясаттану факультетінің 11 студенті халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында шетелдің іргелі оқу орындары Польша мемлекетінің Варшава университеті мен Познани қаласында орналасқан Адам Мицкевич университетіне білім алуға мүмкіндік алды.
Халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламасы студенттер үшін үлкен тәжірибе алаңы болып есептеледі. Осы бағдарлама арқылы шетелдік білім жүйесімен танысуға, біліктілік пен дағдыларды жетілдіруге, бәсекеге қабілеттіліктерін арттыруға, тәжірибе алмасуға мемлекет тарапынан қолайлы жағдай жасалып отыр.
Мұндай мүмкіндікке ие болған студенттермен шетелге іс-сапар алдында факультет деканы Б.Б. Мейрбаев, саясаттану және саяси технологиялар кафедрасының меңгерушісі Г.Ө. Насимова, деканның ҒИҚ және ХБ жөнінен орынбасары А. Б. Альчимбаева, кафедра координаторы А. А. Абжаппарова арнайы жиналыс өткізді. Жиналыс барысында студенттерге оқу-тәрбие процесін ізгілендіру, тәртіп-ережені сақтау, университет қойған міндеттерді орындау сынды мәселелер бойынша түсіндірмелі жұмыстар жүргізілді және толыққанды ақпарат берілді.
Жиын барысында студенттеріміз «Академиялық ұтқырлық» бағдарламасына қатысуға қолдау білдірген университет Басшылығына, университеттің Халықаралық ынтымақтастық департаменті (ДМС) қызметкерлеріне егжей-тегжейлі түсіндірмелі жұмыс жүргізгеніне, факультет басшысына, кафедра жетекшілеріне және үміт артқан ұстаздарға алғыс білдірді.

Басылым күні :  28.09.2023