ҚСЗИ САРАПШЫЛАРЫ «ҚАЗАҚСТАНҒА АРНАЛҒАН СТРАТЕГИЯ: 20 + 30» АТТЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ЖҰМЫСЫНА ҚАТЫСТЫ

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығында өзінің 20 жылдық мерейтойын «Стратегия» «Әлеуметтік және саяси зерттеулер орталығы» Қоғамдық қоры да атап өтті. Қордың директоры белгілі қазақстандық әлеуметтанушы, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ саясаттану және саяси технологиялар кафедрасының оқытушысы Гүлмира Илеуова.

Осыған байланысты Қор «Қазақстанға арналған стратегия: 20 + 30» атты дөңгелек үстел ұйымдастырды. 18 маусымда Алматы қаласында өткізілген іс-шара шеңберінде қазақстандық даму күн тәртібінің өзекті мәселелері бойынша пікір алмасылды. Сарапшылар тәуелсіздіктің үш онжылдығының нәтижелерін бағалады, елдегі ағымдағы жағдайды талқылап, Қазақстанның орта және ұзақ мерзімді перспективаға арналған даму перспективалары туралы өз пайымдарын ұсынды. Сондай-ақ, өңірлік және жаһандық үдерістер контексінде ҚР ұлттық мүдделері басты назарда болды.

Дөңгелек үстел аясында Қазақстанда ғылыми-зерттеу қызметін дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, қазақстандық әлеуметтанудың мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және заманауи қазақстандық қоғамды зерттеуге қосқан елеулі үлесі атап өтілді.

Дөңгелек үстел барысында «Қазақстаннан білім беру көші-қоны: үрдістер, факторлар және әлеуметтік-саяси салдарлар» ғылыми-зерттеу жобасының нәтижелері таныстырылды. Жоба нәтижелері Г.Ө. НәсімоваГ.Т. ИлеуоваБ.К. Рахымбекованың жетекшілігімен жазылған «Зарубежная образовательная траектория казахстанцев: между стереотипами и прагматизмом» («Қазақстандықтардың шетелдік білім беру траекториясы: стереотиптер мен прагматизм арасында») ұжымдық монографиясында көрсетілген.

 

Басылым күні :  20.11.2021