Кафедра меңгерушісі

Тыныбеков Сериккали Тыныбекович
заң ғылымдарының докторы, профессор
кафедра меңгерушісі

Тыныбеков Серікқали - заң ғылымының докторы, сот билігі, қылмыстық іс-жүгізу құкығы, құқық қорғау органдары және адвокатура саласындағы маман.

1961 жылы 24 сәуірде Батыс Қазақстан облысы Жанқала ауданының Новая Казанка кентінде туды. 1978 жылы Саратов облысы Александров-Гай қаласында орта мектепті бітірді. Мектепті бітіргеннен кейін "Саратовтрансгаз" өндірістік бірлестігі Александров-Гай жол-өндірістік басқармасында прибор және автоматты бақылау мен өлшеу приборшысы болып істеді (1978-1979 жж.). 1979-1981 жылдары Кеңес Армиясы қатарында қызмет етті. 1981-1983 жылдары "Алматымәдениеттұрмысқұрылыс" тресі "Университет" құрылыс-монтаж басқармасында электрдәнекерлеуші болып істеді.

1983-1988 жж. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетiнің студенті. Оқу үздігі ретінде Абай атындағы стипендиат болды. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетiн үздік бітіргеннең кейін КазҰУ заң факультетінің қылмыстық-іс жүргізу кафедрасына ассистент қызметіне жас маман ретінде бөлінді. 1990-1992 жылдары заң факультеті деканының орынбасары болды.

1992-1994 жылдары Алматы қаласы әкімі орынбасарының көмекшісі.

1994-1996 жылдары Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің қылмыстық іс-жүргізу кафедрасының аға оқытушысы. 1992-1996 жылдары - Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің қылмыстық іс-жүргізу кафедрасының аға оқытушысы. 1996 жылы "Алдын ала тергеу сатысында сезікті мен айыпталушының құқығын қамтамасыз ету" тақырыбы бойынша кандидаттық диссертация қорғады.

1996-1997 жж. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің заңнама және сот жүйесі бөлімінің аға сарапшысы.

1997 жылдан бастап 2006 жылдың бойында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің сот билігі және қылмыстық іс-жүргізу кафедрасының доценті.

2005 жылы "Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесіндегі адвокатура институты" тақырыбына заң ғылымының докторы ғылыми дәрежесі атағын алу үшін диссертацияны табысты қорғады.

2006 жылғы 1 науырыздан бастап сот билігі және қылмыстық іс-жүргізу кафедрасының профессоры.

С.Тыныбековтың оқытушылық және ғылыми жұмыста үлкен тәжірибесі бар (1988 жылдан бастап). 1994 жылдан бері Қазақстанда бірінші рет ол әзірлеген "Қазақстан Республикасындағы адвокатура және адвокаттық қызмет" пәні бойынша курстар оқытылып келеді (орыс және қазақ тілдерінде), сондай-ақ практикалық сабақтар жүргізілуде. Оның басшылығымен курс, бітіру жұмыстары орындалып, кандидаттық диссертациялар қорғалуда. Атап айтқанда, С.Тыныбековтың ғылыми басшылығымен "Өзбекстан Республикасының кеден органдарының құқық қорғау қызметі" тақырыбы бойынша заң ғылымының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация табысты қорғалды.

155 жарияланым, оның ішінде "Қылмыстық іс жүргізуде қорғау үшін сезікті мен айыпталушының құқығын қамтамасыз ету принципі" монографиясының, "Қазақстан Республикасындағы адвокатураны ұйымдастыру нысандары және қызметі" оқу құралының және "Қазақстан Республикасындағы қылмыстық іс жүргізу заңнамасының түсінігі және жалпы сипаттамасы" оқу құралының, "Қазақстан Республикасындағы адвокатура және адвокаттық қызмет" оқулықтарының (орыс және қазақ тілдерінде) және басқалардың авторы.

Заң ғылымының әртүрлі саласында қажетті білімді жинақтай отыра, қылмыстық іс-жүргізу мен адвокатура саласындағы маман ретінде С.Тыныбековтың ғылыми-сыни ойлау қабілеті жақсы дамыған. Бұл оған тек университет аясында ғана емес, сонымен қатар жалпы республика шегінде өткізілетін ғылыми-практикалық конференцияларға, семинарларға тұрақты және белсенді қатысуға мүмкіндік береді.

С.Тыныбеков университеттің қоғамдық өміріне белсенді қатысады. 2002-2007 жылдары Алматы қаласы сайлау комиссиясының мүшесі болды. Жұмысқа деген адалдығы мен жауапкершілігі үш медальмен және Алматы қаласы әкімдерінің құрмет грамоталарымен атап өтілді.

2007 жылы С.Тыныбеков Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2007 жылғы 14 ақпандағы №2 "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адвокатура мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігін тексеру туралы" қаулысы бойынша сараптамашы болды.

2012 жылы «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» атағын алды.

2011 жылы 20 мамырда Конституциялық кеңес қаулысының жобасының талқылау мақсатында сарапшы ретінде жұмысқа тартылған.