«Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында

29.11.2017 жылы сағат 18.00-де халықаралық қатынастар факультетінің 106 аудиториясында  Философия және саясаттану факультеті мен Халықаралық қатынастар факультетінің магистранттарымен бірлесіп  «Персоналды бренд жеке бастық сәттіліктің  факторы ретінде»  тақырыбында  тәрбиелік іс-шара   өткізілді.             Ұйымдастырушы жалпы және қолданбалы психология кафедрасының профессоры С.К. Бердібаева.

Тәрбиелік іс-шара  «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында өткізілді.   Профессор Бердібаева С.Қ. екі факультететің магистранттарына бренд психологиясы және персоналды бренд жайлы айта отырып, жеке бастық сәттіліктің негізін қалайтын персоналды брендтің психологиялық мазмұнын жан жақты талқылап берді.

Персоналды брендті өзіңізге жасау аса құнды болып табылады, сіз емес сіздің персоналды брендіңіз нарықта көп нәтиже мен пайда әкеледі. Персоналды брендке жету үшін, мінез-құлықта ерекше қырларыңыз болса, ешкімге ұқсамайтын өзіңіздің қайталанбас ерекшелігіңіз болса сонда ғана сіз  персоналды брендті сәтті жасай аласыз,  осындай көптеген психологиялық қызық мәліметтермен таныса келе магистранттар да кеңінен өз ойларын ортаға салып мағыналы пікір таласпен іс-шара өткізілді.

Тәрбиелік іс-шара барысында магистранттарға болашақта аса қажет болып саналатын персоналды бренд жасаудың психологиялық тәсілдері мен жолдары туралы арнайы слайдтар  мен видеолар көрсетілді. Психологиялық тәрбиелік іс-шара өте қызықты және мазмұнды  өтті.

Басылым күні :  05.12.2017