«Айналаңды нұрландыр» «Психология» мамандығының ашық есіктер күні

2017 ж. 11 наурызда сағат 10.00-ден 12.00 дейін ФжСФ (3 этаж акт залы) «Айналаңды нұрландыр» жобасы бойынша жалпы және қолданбалы психология кафедрасы «Психология» мамандығының ашық есіктер күні» атты кәсіби бағдар беру іс шарасы өтті.

Бұл іш шараға 80 астам қонақтар қатысты, соның ішінде Алматы қаласындағы мектептердің 10-11 сынып оқушылары(№ 6, 116, 12, 187, 18, 105, 117, 153, 83, 123, 27, 134, КазҰУ бейімдік мектебі, К. Байсеитова атындағы музыкалық мектеп және т.б. және олардың ата-аналары, мектеп психологтары, педагогтары, жұмыс берушілер, кафедра серіктестері мен біздің вузды, мамандықты бітіріп кеткен түлектер.

«Психология» мамандығының ашық есіктер күнінде өзінің қатысуымен «Кризистік орталықтарының одағы» төрайымы Байсакова З.М., Қ.Р мемлекеттік күзет қызметінің психологі Рысмендиева А.А. (КазҰУ түлегі), «Мектептегі психология» журналының бас редакторы Олжаева А.К., Цеснабанк адам ресурстарын басқару Департаментының оқыту орталығының бизнес-тренері Бекбаева А.М. (КазҰУ түлегі), Алматы қ. №8 оқушылар үйінің директоры Кожахметов Д.С., Алматы обл. Қарасай ауданы Алмалыбақ ауылындағы мектеп-гимназиясының директоры Махамбетова С.О.

Жумангалиева Алия, Тохниязов Расул, Тунгускова Дарья, Ниязова Адинаны қонақтардың қатарында біздің түлектерді көргенімізге қуанышты болдық.

Бұл іс шара шеңберінде «Психология мамандығының» студенттері «Сказка – ложь, да в ней намек…» конкурсы аясында ұлттық ертегілерді сақналады. «Менің сүйікті мамандығым» атты тақырыпта қабырға газетін, қара шаңырағымыз Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және мамандық жайлы видео роликтер көрсетілді. Көрермендер мен қазылар алқасының пікірінше ерекше қызықты психологиялық интерпретацияны «Морозко» ертегісін 2 курс орыс бөлімінің студенттері ұсынды. «Қасқар және 7 лақ» ертігісі бойынша «Үздік декорация» номинациясын 3 курс қазақ бөлімі студенттері ие болды. «Золушка» ертегісінің заманауи интерпретациясын ұсынған 3 курс орыс бөлімі студенттері «Үздік қойылым» номинациясын жеңіп алды. 

Ертегілер көрсетілімі арасындағы үзіліс кезінде біздің кафедраның бұрыннан келе жатқан серіктестері К.Байсейтова атындағы Республикалық музыкалық мектеп оқушылары музыкалық нөмерлер көрсетті.

Сонымен қатар кафедра оқытушылары Кудайбергенова С.К. және Файзуллина А.К іс шара қонақтарына танымдық және диагностикалық байқаулар өткізді.

Ашық есіктер күнінің жүргізушісі 1 курс докторанты Ризулла Айдана. Ашық есіктер күнінің ұйымдастырушылар жалпы және қолданбалы психологиясының профессор м.а. Кабакова М.П., профессор Ташимова Ф.С., аға оқытушы Файзуллина А.К. және топ кураторлары.

Бұл іс шара шығармашыл және ынтымақтастық атмосферада өтті.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Басылым күні :  16.03.2017