Авторлық құқық

2016 жылдың 6 қыркүйегінде дінтану және мәдениеттану кафедрасы оқытушылары «Oner Publishing» директоры Тулегенов Т. ұйымдастыруымен өткізілген репродукция саласындағы авторлық құқыққа байланысты семинарға қатысты.

Тулегенов Т. айтуынша: «Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына енуі және Бірыңғай экономикалық кеңістіктің қалыптасуына байланысты интеллектуалды меншікті қорғау мәселелері өзекті болып табылады».

Сонымен қатар жауапкершілікке, әртүрлі техникалық құралдар арқылы жазба және графикалық еңбектерді көшірген кезде авторлық құқықты бұзуға қатысты бір қатар мәселелерді қарастырды.

Оның пікірінше, авторлық қоғамдар арасындағы бәсекелестік авторлар қызығушылықтары әрдайым бірінші қатарға қою ыңғайын туғызады.

 

Құрманалиева А.Д., профессор,

дінтану және мәдениеттану кафедрасының меңгерушісі

Басылым күні :  23.09.2016