«Мәңгілік ел» идеясы – жаңа дәуірдің кемел келбеті

13 қыркүйек 2016 ж. Алматы Оқушылар Сарайы «Мәңгілік Ел» білім-тәрбие орталығында «Қазақстанның отыз дамыған елдің қатарына кіруінің мәдениеттанулық үлгісі: өзгермелі әлемдегі интеграция және мәдениетаралық коммуникация мәселелері» ғылыми-зерттеу бағдарламасы аясында ««Мәңгілік Ел» – нұрлы болашаққа, кемел келешекке апаратын жол» тақырыбында ғылыми семинар өтті.

Ғылыми семинарға филос.ғ.д., профессор Молдабеков Ж.Ж.; филос.ғ.д., профессор Масалимова А.Р.; филос.ғ.к., доцент Құранбек А.А.; әлеум.ғ.д., доцент Қылышбаева Б.Н.; психол.ғ.к., доцент Сейітнұр Ж.; филос.ғ.к., Өмірбекова Ә.Ө.; Мәдениеттану және дінтану кафедрасының студенттері мен магистранттары, докторанттары, сонымен қатар орталықтың мүшелері қатысты.

«Мәңгілік ел» идеясының ұлттық идеяға айналу барысын талқылауды мақсат еткен ғылыми семинар жұмысы келесі бағыттар бойынша жүргізілді: - Ұлттық өзіндік сана және ұлттық мәдениетке, қазақ халқының, тұтастай Қазақстан халқының рухани мұрасына құндылықтық қарым-қатынастың қалыптасуы; - «Мәңгілік Ел» идеясы қазіргі жағдайларда мәдени кодты сақтау мен жеткізудің тиімді тәсілі ретінде; - Білімді, ұлттық құндылықтар мен заманауи игіліктерді өз бойына біріктірген жастар – «Мәңгілік ел» идеясын жүзеге асырушы әрі дамытушы; - «Бес институционалды реформаны жүзеге асыруға бағытталған нақты жүз қадам»; - Азаматтық теңдік, еңбексүйгіштік, шыншылдық, ғылымилық пен білімділік – қазіргі қоғамның басты құндылықтары ретінде; - «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының қалыптасуындағы қазіргі қазақстандық отбасының рөлі; - «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы және азаматтық жауапкершілік, ұлтжандылық, кәсібилік, мемлекеттілік мәселелері.

Пікір алмастыру арқылы студенттер өз ойларын ортаға салып, тақырыптың негізін одан әрі аша білді. Негізгі тақырып ретінде идеядағы ұлттық мәдениетке деген жанашырлық талқыланды. Сонымен қатар, осы идеяның негізінде іске асырылатын жобалар айқындалды.

 
 

Басылым күні :  15.09.2016