Қазақстандағы Отбасы күні

2016 жылдың 10 қыркүйек күні «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында «Психология» мамандығының 1-ші және 2-ші курс студенттері волонтер ретінде, Қазақстан және Орта Азия Отбасы институті мен Алматы қаласы әкімшілігі ұйымдастырған қалалық Отбасы күніне қатысты.

Орасан зор мереке Алматы қаламыздың Орталық демалыс саябағында өтті. Саябақта қонақтарға арнлаған фотозоналар, мастер-класс, ойындар, эстафеталар, дамыттыратын және спорттық ойындар тағы сол сияқты көптеген қызықты аймақтар ұйымдастырылған болатын.

Саябақ қонақтарына Қазақстан Отбасы институтының мамандарынан тегін кеңес алатын аймақ ұйымдастырылған болған. Волонтерлердің міндеттеріне сол аймақ туралы қонақтарларды хабарландыру кірген. Сонымен қатар кеңес алуға шақыру, тіркеу, кеңес беретін жерге дейін алып бару. Және біздің студенттеріміз мерекенің кішкентай қонақтарыменен әр түрлі ойындарға, эстафеталарға қатысқан болатын.

Қонақтарымыз да, волонтерлеріміз үшін бұл күн өте қызықты, мағыналы болды – ешкім жалыққан жоқ! Әсем әуен тек қана психологтар дара кеңес берген жерлерде ғана болған жоқ, бүкіл саябақ оған толы болды. Волонтер-студенттердің ойынша, осындай мерекелерге қатысу тек қана сүйсінерлік, өйткені адамдармен жұмыс істеген өте қызықты.

 
 
 

Волонтерлердің ұйымдастырушысы: жалпы және қолданбалы психология кафедрасы профессорының м.а. М.П. Кабакова

Басылым күні :  13.09.2016