Әл-Фараби және қолданбалы психологияның қазіргі заманғы мәселелері

2016 жылдың 15 сәуірінде Философия және саясаттану факультетінде профессор Ф.С. Ташимованың 60-жылдық мерейтойына арналған «әл-Фараби және қолданбалы психологияның қазіргі заманғы мәселелері» атты конференция өтті.

Мерейтой иесін Россия мен Қазақстанның әр мекемелері мен ЖОО келген - Москва мемлекеттік облыстық университетінен, ҚР ҰҚҚ Шекара қызметі Академиясынан, ҚызМПУ, Абай ат, ҚазҰПУ, Т.К. Жүргенов ат. Өнер Академиясынан, ҚР БжҒМ философия, саясаттану, дінтану Институтынан, Асфендияров ат. ҚазҰМУ, «Жанұям» отбасы Орталығынан, әл-Фараби ат. ҚазҰУ-ң философия және саясаттану факультеті, «Семейная академия» отбасыға кешенді қолдау көрсету Орталығынан, сонымен қатар, философия және саясаттану факультетінің деканы, профессор-әріптестер, магистранттар мен студенттер құттықтады.

 

Басылым күні :  25.04.2016