I-ші Республикалық Қысқы Психологиялық мектеп – 2016 жұмысын аяқтады

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де 2016 жылдың қаңтар айының 15-17 аралығында «Психологтың Кеңес беру тәжірибесіндегі қазіргі заманғы технологиялар» атты I-ші Республикалық Қысқы Психологиялық мектеп – 2016 жұмысын аяқтады.  

Мектеп жұмысында Қазақстанның әр аймақтарынан - Ақтөбе, Қарағанды, Шымкент, Өскемен, Алматы қалаларынаң, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Қарағанды және Алматы облыстарынан келген денсаулық сақтау және білім беру мекемелерінің жетпіс шақты психолог - мамандары (мектептер, ЖОО, орталықтар) және студенттер қатысты.

Қысқы Психологиялық мектептің мақсаты - психологиялық қызметтің интеграция жағдайындағы ғылыми және тәжірибелік білімдерінің кәсіби құзыреттілігін жоғарылату және дамыту болып табылды.

Қысқы Психологиялық мектептің бағдарламасы жан-жақты қамтылды.

Өткізілген шеберлік сабақтарының және тренингтардың тақырыптары өзекті мәселелерге арналғаң:

1)  Сапарова И.А. Психологиялық кеңес беру кезеңдері: теориядан тәжірибеге дейін.

2)  Садыкова А.Т. Эмоциялық күйіп-жанудың алдын алу.

3)  Логинова М.Н. Психолог жұмысындағы метафор алық ассоциативті карталар.

4) Колмогорова Е.А. Сот тәжірибесіндегі әлеуметтік-психологиялық зерттеулер (Отбасын психологиялық зерттеу әдістемелері).

5) Хусаинова И.Р. Онкологиялық қызметтегі медициналық-әлеуметтік көмек. Онкологиялық стационардағы психологиялық көмек мүмкіндіктері.

6) Дуйсегалиев А.Ж. Шығыс психологиясы дәстүріндегі отбасылық және тұлғалық қатынастар консалтингінде жүйелік ықпал принциптерін қолдану.

Мектепті аяқтағаннан соң, қатысушыларға ҚазҰУ Біліктілікті Арттыру Институтының сертификаттары берілді (көлемі 36 сағат)

 
 
 
 
 
 

I-ші Республикалық Қысқы психологиялық мектеп ұйымдастыру алқасы: ҚазҰУ-ң философия және саясаттану факультетінін Психологиялық Қолдау Орталығы, жалпы және қолданбалы психология кафедрасы және ҚазҰУ Біліктілікті Арттыру Институты.

Ұйымдастырушы-модераторлар – Кабакова М.П., Файзуллина А. К.

Басылым күні :  23.01.2016