«Жас оқытушылар мектебі» тақырыптық жоспары аясында

«Жас оқытушылар мектебі» тақырыптық жоспары аясында 2015 жылдың желтоқсан айының 4 жұлдызында 12.25-13.15 уақыт аралығында Дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға оқытушысы, филос.ғ.к. М.Ә. Джекебаеваның "Синтоизм" тақырыбында "5В020600 - Дінтану" мамандығының 1 курс студенттеріне "Ұлттық діндер" пәні бойынша ашық семинар сабағы өтті. Сабаққа Дінтану және мәдениеттану кафедрасы меңгерушісі м.а. филос.ғ.к., доцент Абжалов С.У., философия және саясаттану факультетінің әдістемелік бюросының төрайымы Жубаназарова Н.С., филос.ғ.д. профессор Жолдубаева А.К., филос.ғ..д., профессор Борбасова Қ.М., филос.ғ.к., доцент м.а. Аликбаева М.Б. қатысты.

Семинар сабағы жоғары әдістемелік деңгейде өтті. Оқытушы синтоизм дініне қатысты қосымша материал және плакат қолданды, әр суреттің артына жасырылған сұрақтарға студенттер белсенді қатысып жауап берді. Бірнеше студент слайд арқылы синтоизм діні туралы өз ойларын қорғады, бұл студенттердің тақырыпқа қатысты білімдерін нақтылауға көмектесіп, қызығушылығын арттырды.

 
 
 

Басылым күні :  08.12.2015