«Ерлер мен әйелдер арасындағы қарым-қатынас философиясы және психологиясы»

«Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында 2015 жылдың 4 желтоқсан күні Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінін №9 жатақанада сағат 19.00 – 22.00-ге дейінгі уақыт арасында дәстүрлі шығыс психологиясы бойынша эксперт, тренер және публицист Айдын Дуйсегалиевтың қатысуымен «Ерлер мен әйелдер арасындағы қарым-қатынас философиясы және психологиясы» атты тақырыпта студенттер, магистранттар, факультетің ұстаздары және ерікті қатсушылар үшін семинар-тренинг өткізілді.

Қатысушылар: Философия және саясаттану факультетінің әр түрлі мамандықтағы студенттері (психология, әлеуметтік жұмыс, педагогика және психология, әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану, мәденитану), сонымен қатар Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің, ҚазҰУ филология факультетінің және Сатпаев атындағы ҚазҰТУ-нің студенттері мен СК «Казахмыс» сарапшысы қатысты. Қонақ ретінде Ведалық мәдениет және философия зерттеушісі Алексей Горбов қатысты. Семинар-тренинг қатысушыларының саны 17 адамды құрады.

Семинар-тренингтің мақсаты ерлер мен әйелдердің қарым-қатынас сипаты мен нысанын ашып, жыныстық және әлуметтік негізін көрсетуі болды.

Ұйымдастырушы және модератор: жалпы және қолданбалы кафедра профессорының м.а. Кабакова М.П. 

 
 
 

Басылым күні :  08.12.2015