Иновациялық жобалар конкурсы

015 жылдың 26 қараша күні 1 курс орыс тобы «Психология» мамандығының студенттері Қазақстан Республикасының Бірінші Президент Күніне арналған «Мен жастарға сенемін!» атты студент жастардың патриоттық фестивалі аясында «Еліміздің инновациялық дамуына менің қосқан нақты үлесім» атты әлеуметтік маңызды инновациялық жобалар конкурсына қатысты. Иновациялық жобалар конкурсы Жолдасбеков У.А. атындағы Студенттер cарайында өтті.

Студенттер 5 әр түрлі тақырыпқа жобаларды ұсынды. Мадақтамаларының жоқтығына қарамастан, балалар өзіндік таныстырылымнан үлкен тәжірибе жинады және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ның ректорымен қарым-қатынасу мүмкіндігі болды. Жобаның ғылыми жетекшісі ретінде жалпы және қолдабалы психология кафедрасы профессорының м.а. Кабакова М.П. болды.

Біздің студенттеріміздің басты жанкүйері болған Философия және саясаттану факультетінің деканы, профессор Масалимова А.Р., деканын орынбасары, доцент Мейрбаев Б.Б., группа кураторы, аға-оқытушы Садыкова А.Т.

Басылым күні :  28.11.2015