«Психологические аспекты повышения эффективности взаимодействия с родителями учащихся школ»

2015 жылдың 20-сы қараша күні, сағат 15.00 бастап 18.00 дейін әл- Фараби атындағы ҚазҰУ кітапханасында «Психологические аспекты повышения эффективности взаимодействия с родителями учащихся школ» атты Алматы қаласының психологтарымен, жалпы білім беретін оқу орындарының мұғалімдеріне арналған семинар мен мастер-класс өткізілді.

 
   

Семинарға 200-ден астам білім беру мекемелердің мамандары қатысты. Мамандарға ата-аналармен жұмыс кезінде көмек ретінде қолданылатын көлемді методикалық материал ұсынылған болатын. Соның ішінде: диагностикалық материалдар, ата-аналар жиналысына арналаған дәріс-презентация, мектеп стендін безендіруге арнлаған ғылыми-танымдылық ақпарат және т.б.

Семинар мен мастер-класстың мақсаты «мектеп-ата-ана» жүйесіндегі социалды-психологиялық қарым-қатынстарды қалыптастыру қағидалары, мектеп оқушыларының ата-аналарыменен білім беру мекемесінің мамандарының (психологтар, мұғалімдер, сынып жетекшілер, мектеп әкімшілігі) өзара екі жақтың әрекеттесуіндегі тиімділіктің жоғарлауын және психологиялық әдіс туралы ғылыми дәлелденген және жүйлі түсінік қалыптастыру.

 

Семинар мен мастер-класс философия жине саясаттану факультетінің жалпы және қолданбалы психология кафедрасының психологиялық қолдау Орталығының мамандарымен ҚазҰУ мамандықты арттыру институтымен бірге дайындалған.

Осы іс-шараның модераторы жалпы және қолданбалы психология кафедрасының профессор м.а. Кабакова М.П. болды. Мастер-классты аға-оқутышы Файзуллина А.К. өткізді.

Білім беру басқармасынан семинар қатысушыларын Алматы қаласының білім Басқармасының психологиялық-методикалық зертханасының методисті Алиева Э.М. қарсы алды, соған қоса ҚазҰУ мамандықты арттыру институттын және Философия және саясаттану факультетін жетекшілігін өткізілген іс-шараға, Туенбаева К.Т. кітапхана директорына, ұсынылған әдемі де, кең залға алғыс білдіріп, келешектегі ынтымақтастыққа үлкен үміт артты.

 

Ұйымдастырушылар:әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Философия мен саясаттану факультетінің деканы – Масалимова А.Р., профессор м.а. Кабакова М.П., аға-оқытушы Файзуллина А.К.

Басылым күні :  23.11.2015