Отбасы және отбасылық тәрбие: қалыпты емес отбасылар және әлеуметтік көмек

2015 жылдың 14 қыркүйегінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Философия және саясаттану факультетінде 123 дәрісханада «Отбасы және отбасылық тәрбие: қалыпты емес отбасылар және әлеуметтік көмек» атты Қазақстанадағы Отбасы Күніне арналған дөңгелек үстел өтті.

Ұйымдастырушылар: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Философия және саясаттану факультеті, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Гендерлік білім беру Орталығы, Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасы.

Ұйымдастырушы комитет: Абдирайымова Г.С.,Шеденова Н.У., Жаназарова З.Ж., Кабакова М.П., Шагырбаева М.Д., Отарбаева А.Б.

 Шақырылған қонақ: «Открытая школа» жалпы білім беру қорының директоры, «Открытая школа» ақпараттық-әдістемелік журналының редакторы Попова Л.А.

Дөңгелек үстелге қатысушылар: Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының, психология, әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандығының студенттері, оқытушылары, «Writing» үйірмесінің мүшелері.

Дөңгелек үстелдің мақсаты: қазақстандық отбасылардың өзекті мәселелерін отбасылық тәрбие және әлеуметтік көмектің технологиясын талқылау, «қалыпты емес» отбасыларды - ерекше қажеттілікті зәру отбасылар, асырап алушы отбасылар, ата-аналарымен проблемасы бар отбасылар, нашақорлық және ішімдікке тәуелді отбасылардың мәселелерін талқылау.


 
 
 


 

Басылым күні :  17.09.2015